Экономика

Досым Сәтпаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қоғамдық кеңесіне басшылық етеді

© Photo : из личного архива Досыма СатпаеваДосым Сәтпаев
Досым Сәтпаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары болып журналист Алевтина Донских болып сайланды.

АСТАНА, 16 ақп – SputnikБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы қоғамдық кеңес ресми түрде өз жұмысын бастады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. 

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев сайланды. Жоспарланбаса да, ашық дауыс беру арқылы төрағаның орынбасарын сайлау шешімі қабылданды. Көпшілік дауыспен бұл қызметке "Деловой Казахстан" газеті бас редакторының орынбасары Алевтина Донских лайық деп танылды. 

Кеңес БЖЗҚ қызметін жетілдіру мен зейнетақымен қамсыздандыруды жақсартуға қатысты маңызды мәселелер бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының ой-пікірін сараптап-пысықтау мақсатынды құрылды. Сондай-ақ, қордың жанындағы түбегейлі жаңа тәуелсіз консультативтік орган қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын, БЖЗҚ қызметін жетілдіруге бойынша ұсынымдар әзірлейтін және халықтың зейнетақы жүйесіне деген сенімінің түйткілді мәселелерін анықтайтын алаңқайға айналады. 

16 ақпанда қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

"Қоғамның мүддесі мен зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының пікірін ескеру қажет екенін түсіне отыра, біз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанында тәуелсіз консультативтік-кеңесші орган ретінде қоғамдық кеңес құруды ұсындық. Ол жариялылық, сарапшылардың, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің, салымшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ерікті қатысуы негізінде құрылды", — деді қор басқармасының төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева.  

Барлық кездесулердің хаттамалары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында жарияланатын болады. Келесі отырыс бір айдан кейін 15 наурызда өтпек. 

Жаңалықтар
0