Өңірлер

Ақтөбе облысында 11 адам далада үсіп қала жаздады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысында әйел кісі өз бетімен ауылға жете алмай далада үсіп қала жаздады

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Ақтөбе облысы Моғалжар ауданы Ақкемер ауылының он бір тұрғыны үйлеріне жаяу жетуге мәжбүр болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақтөбе облысы ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Салима Төлегенова. 

Оның сөзіне қарағанда, сәрсенбі күні кешке қар басып елді мекенге жолдың болмауына байланысы Күтебар кентіне 4 шақырым жетпей адамдар көлігін тастап жаяу жүруге мәжбүр болды. 41 жасар әйелден басқалардың барлығы үйлеріне жеткен. Оны жергілікті тұрғындар бір сағаттан кейін ауылдан 300 метр жерден тапты. Құтқарушылар әйелді Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жеткізді. Қазір оның жағдайы қанағаттандырарлық деп бағалануда. 


Жаңалықтар
0