Оқиға

Павлодарда су құбырында апат болды

© Sputnik / Василий ГолышкинПавлодарда су құбырында апат болды
Павлодарда су құбырында апат болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке сектордағы үйлердің бір бөлігі мен бірнеше көпқабатты үй сусыз қалды

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Бүгін Павлодарда су құбырында тағы бір апат болды. Түнде Гагарин-Қамзин көшелерінің қиылысындағы жүргін бөлікті су алып, нәтижесінде асфальт ісініп кетті.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі басшысы Салтанат Әкімбекова Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, қалалық су арнасының мәліметінше, Қамзин-Гагарин көшесіндегі диаметрі 600 миллиметр құбыр зақымдалған.

© SputnikЖөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда
Жөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда - Sputnik Қазақстан
1/2
Жөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда
© SputnikЖөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда
Жөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда - Sputnik Қазақстан
2/2
Жөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда
1/2
Жөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда
2/2
Жөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюда

Соның салдарынан Қамзин және Гагагрин көшелеріндегі 5 көп қабатты үйді, сондай-ақ Қамзин көшесінен Семенченко көшесіне дейінгі жеке сектордағы үйлердің бір бөлігін сумен жабдықтауды өшіруге тура келді. Жөндеу бригадасы апаттың салдарын жоюға кірісіп кеткен.

Жаңалықтар
0