Қоғам

Астанада дәрігердің қабылдауына "103" нөмірі арқылы жазылуға болады

© Sputnik / Болат ШайхиновДәрігерлер
Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"103" қысқа нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Дәрігердің қабылдауына "103" қысқа нөмірі арқылы жазылуға болады деп хабарлады Астана әкімі Әсет Исекешев халық алдында есеп беру кездесуінде.

Тәулік бойы жұмыс істейтін қысқа нөмірге хабарласып, дәрігердің қабылдауына жазылуға болады.

"Ғаламтор немесе "103" қысқа нөмірі арқылы кеңес алып, дәрігердің қабылдауына жазылуға болады", — деді Астана әкімі.

Халық алдында есеп беру кездесуінде Астана әкімі халық денсаулығының аса маңызды екендігін атап өтті. "Ауруханада емделу – денсаулықтың 10%, 50%-ы экология мен салауатты өмір салтына байланысты", — деп қорытты Әсет Искешев.

Зерттеу нәтижелері бойынша 2016 жылы елордалықтардың өмір сүрі ұзақтығы 75 жасты құрады.

Жаңалықтар
0