Саясат

Кепіл мемлекеттер Астанадағы Сирия бойынша кездесуде ақтық құжатқа қол қояды

© Sputnik / Болат ШайхиновСириялық келіссөздер
Сириялық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оппозиция тарабы мен Сирия үкіметі делегациясы қорытынды құжатқа қол қоймаса да, кепіл мемлекеттердің қойған қолы жеткілікті

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Астанадағы сириялық реттеу бойынша кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын ақтық құжатқа кепіл елдер, яғни Ресей, Түркия және Иран қол қоюы тиіс деп хабарлады РФ-ның Қазақстандағы кеңесші-елшісі Александр Мусиненко РИА Новости агенттігіне.

Астанадағы кездесу - Sputnik Қазақстан
Әр елдің сарапшылары Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің әлеуетін талқылайды

"Кепіл елдер, әлбетте, кепіл елдердің қолынсыз бұл мүмкін емес", — деді Мусиненко кездесудің ақтық құжатына кім қол қою керек деген сұраққа жауап беріп.

Оның сөзіне жүгінсек, негізінде құжатқа Сирия үкіметі делегациясының өкілдері мен оппозиция тарабы да қол қоюы тиіс, бірақ кепіл елдердің қойған қолы да жеткілікті екен.

Жаңалықтар
0