Оқиға

ҚР Қорғаныс министрлігі: автожолға қонған тікұшақ оқу-жаттығу міндетін атқарған

© Photo : Пресс-служба министерства обороны РКМи-35М тікұшағы
Ми-35М тікұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алысқа қатынайтын жүргізушілер жолды жапқан тікұшақты видеоға түсіріп алған. Оның пилоты тұрған жерді анықтау үшін фураның жүргізушісіне келген

АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. ҚР Қорғаныс министрлігі тікұшақтың автомобиль жолына тоқтауына түсінік берді. Бұл эпизод видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге жарияланған. 

Сұрасам болды: Ақтөбе облысында тікұшақ тас жолды жапты - Sputnik Қазақстан
Видео
Сұрасам болды: Ақтөбе облысында тікұшақ тас жолды жапты

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша армия авиациясындағы ұшу құрамының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес түрлі навигациялар тәсілдерін пысықтау бағыты және ұшу даярлығының курсына сәйкес жерлерді (ұшуларды), оның ішінде ауа-райының бұзылуы кезінде бағдарлауды жүргізу бойынша ұшуды орындайды. 

"ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің Ми-8МТ тікұшағы жергілікті тұрғындарды бақылау әдісімен визуальды бағдарлауды қалыптастыру мәселесін пысықтай отырып, әскери оқу-жаттығу тапсырмасын орындады. Экипаж қауіпсіздік жағдайын бағалап, автокөлік жолына қонды және жақын жерде орналасқан елді мекендерді нақтылады, жолдан қайта ұшып, баяндама жасау арқылы оқу-жаттығу тапсырмасын аяқтады", — деп хабарлады ведомствода. 

 Қазіргі уақытта тікұшақ әуеайлақ базасында тұр.

Жаңалықтар
0