Саясат

Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі тағайындалды

Жазылу
ҚР президенті АҚШ және Ұлыбританиядағы жаңа елшілер тағайындау туралы екі жарлыққа қол қойды

АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. Ержан Қазыханов Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарланады Ақорданың ресми сайтында. 

"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", — делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазыханов Ержан Хозеұлы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігі жаныдағы Дипломатиялық академияны және Үндістан халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

1995-2000 жылдары — Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігінің кеңесшісі.

2000-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры.

2003 жылдан Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2008-2011 жылдары — Австрия Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

2011 жылғы 8 ақпаннан — ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2011 жылғы сәуір айынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін — ҚР Сыртқы істер министрі.

2012-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2014 жылдың қыркүйегінен — осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды. 


Жаңалықтар
0