Оқиға

Алматыда үйінен кетіп қалған қыз қала сыртынан табылды

© Sputnik / Виктор Толочкополиция көлігі
полиция көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушы қызды бірнеше қалалардан еріктілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздеді

АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. Үйінен кетіп қалған 14 жастағы алматылық Алина Зуева қаланың сыртынан табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға жеткіншек қыздың көкесі Геннадий Зуев. 

Қыздың жоғалғаны туралы ақпарат сейсенбі күні интернетте және әлеуметтік желілерде тарай бастады.  Алина Зуева үйінен 13 ақпан күні 15.00-де шығып кетті. Қыз бала 2003 жылғы 17 наурызда туылып, Алматыда тұрады. 

Жасөспіріп - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Еліміздің түкпір-түкпірінде еріктілер жоғалып кеткен қызғылт шашты қызды іздестіруде

Бүгін қыздың туыстары қыздың аман есен қаланың сыртынан табылғанын айтты. "Иә, біз таптық. Қазір барлығына телефон соғып хабарлап жатырмын. Оны қаланың сыртынан таптық. Әзірге басқа ақпарат жоқ. Қазір ол жерде әкесі мен жедел қызметкерлер бар", — деді қыздың көкесі Геннадий. 

Іздеуге Қазақстанның бірнеше қаласынан еріктілер жұмылдырылды. Еріктілердің нақты саны белгісіз, өйткені әр минут сайын қосылып, көмектерін ұсынып жатқандар болған. 

Геннадийдің сөзіне қарағанда, 15 ақпанда қызды көргендері туралы ақпарат келіп түсе бастаған. "Бұрын мұнай болмайтын, меніңше жасы әсер етіп отыр", — деді көкесі қыздың жоғалуына қатысты пікірінде. 


Жаңалықтар
0