АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. ҚР СІМ басшысы Қайрат Абдрахманов Астанадағы сириялық келіссөздердің басталуының шегерілуіне қатысты жағдайға түсінік берді.
"Келіссөздер кейінге қалдырылған жоқ. Келіссөздер қаруланған сириялық оппозицияның басым бөлігінің кеш келуіне байланысты жоспарланғандай бүгін және ертең өтуге тиіс. Жалпы отырыс ертең түске қарай өтуі ықтимал. Ал жалпы делегация өз жоспарларына сәйкес келіп жатыр", — деді сыртқы істер министрі ҚР мәжілісі отырысының сыртында.
ҚР СІМ басшысы сондай-ақ, Астанада бүгін келіссөздердің орнына екі жақты және көп жақты консультациялардың өтіп жатқанын атап көрсетті.