АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры жұмысындағы ақауларды жойып, зейнетақы активтерінің нарықтағы бәскелестігін қалпына келтіруге уәде берді.
"БЖЗҚ жаңа басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, басқармада бірқатар өзгерістер болады. Бұл жоспарлардың іс жүзінде орындалуына біраз уақыт кетеді. БЖЗҚ жұмысындағы ағаттықтарды жойып, ішкі бақылау және ақшаны пайдалану жүйесін барынша нығайтамыз", — деді Ақышев сәрсенбі күні "Казахстанская правда" басылымында жарияланған сұхбатында.
Ұлттық банк басшысының пікірінше, қазіргі уақытта қоғамда жинақтық зейнетақы қорына деген сыни көзқарас қалыптасқан.
"Инвестициялау моделі мен зейнетақы активтерін басқару инситутын таңдауда бәскелестік қағидасын қалпына келтіру керек", — деп сенеді ол.