АСТАНА, 14 ақп — Sputnik. Мақтаарал ауданы Алмалы кентінің көшелерінің бірінде егде ерлі-зайыптылар өлтірілді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
59 жастағы ер адам мен 51 жасар әйел кісі шабу жарақаттарынан көз жұмған. Қылмыскердің жеке басы мен өлтіру құралы әлі анықталған жоқ. "Оқиға орнына Мақтаарал АІІБ жедел тобы кетті, ол жерде қазір ішкі істер департаментінен топ жұмыс істеп жатыр. Жәбірленушілердің жеке басы анықталды – олар жергілікті тұрғындар. ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", — деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметі.
Қылмыс себебі қазіргі уақытта анықталуда.