Қоғам

Қытайда құс тұмауын жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды

Жазылу
Құс тұмауының H7N9 вирусы анықталған ер адам мен әйел кісі ауыр хәлде

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қытайдың Сычуань провинциясында құс тұмауының H7N9 вирусын жұқтырудың екі жағдайды  анықталды, деп хабарлайды  РИА Новости. 

Сейсенбі күні денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу істері жөніндегі провинциялық комитетінде  Синьхуа агенттігіне хабарлағандай, вирус Суйнин қалалық округінің Пэнси уезінің 60 жастағы тұрғыны мен Дэян қалалық округінің Чжунцзян уезінің 48 жастағы тұрғынының ағзасынан анықталды. Екі науқас та ауыр хәлде жатыр. Олармен контактіде болған адамдарда вирус белгілері анықталған жоқ. 

Жексенбі күні ҚХР-дың көптеген провинциялары адамдардың вирус жұқтыруының жиілеп кетуіне байланысты құс тұмауына қарсы шараларды күшейтті. 

ҚХР-дың Денсаулық сақтау және отбасы жоспарлау істері мемлекеттік комитетінің деректеріне сәйкес, желтоқсанның басынан бастап Қытайда құс тұмауының H7N9 вирусын 20-дан астам адам көз жұмды. 


Жаңалықтар
0