Оқиға

17 жастағы тұрмыстағы келіншек ата-анасының үйіндегі сарайда асылып қалды

Жазылу
Кәмелет жасқа толмаған келіншек төркініне жалғыз келіп, үйде ешкім болмаған кезде өзіне қол салған

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Атырау облысының Ақкөл ауылында 17 жасар ауыл тұрғыны өзіне қол салып, көз жұмды, деп жазады өңірлік "Ақ жайық" газеті. 

Қыз тұрмыста болып, Махамбет ауданында тұрған. Заңға сәйкес дәлелді себеп болған жағдайда неке жасын ата-анасың немесе қамқоршысының рұқсатымен екі жылға төмендетіледі. Төркініне келген қыз, үйде ешкімнің қалмағанын күтіп, сарайда асылып қалған. 

"Аталған дерек бойынша Кәмелет жасқа толмағанға қатысты өзін өзі өлтіруге жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Терге барысында бұл өзін өлтірудің Интернеттегі суициді топтармен байланыс анықталған жоқ", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

 

Жаңалықтар
0