Өңірлер

Синоптиктер елімізде сейсенбіде қар жауып, тұман түседі деп болжайды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтутұман
тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі сақталады

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі сақталады, тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

Алматы  облысының кей жерлерінде  түнде  тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.   Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,  Маңғыстау,  Қарағанды,  Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады.


Жаңалықтар
0