Оқиға

Мемлекеттік деректер базасы 14 ақпанда қолжетімді болады

© SputnikИнтернет
Интернет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта электрондық үкімет сайттары мен ХҚКО-ларда бірқатар қызметтер қол жетімсіз

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік деректер базасы жүйесіндегі техникалық ақаулық жойылуда, жүйе жұмысы 14 ақпанда қалпына келтірілетін болады, деп хабарланады ҚР әділет министрлігінің сайтында. 

ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
eGov.kz және ХҚКО-да тіркеу қызметтері уақытша атқарылмайды

 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет көрсетулердің қол жетімсіз болуының себебі "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік деректер базасы жүйесіндегі техникалық ақаулық болып табылады.

"Қазіргі уақытта Әділет министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының мамандарымен бірлесіп ақауды жою жұмыстарын жүргізуде. "ҰАТ" АҚ ақпаратына сәйкес жүйе жұмысы 14 ақпанда қалпына келтірілетін болады. Әділет министрлігі азаматтардан жүйеде орын алған ақаулыққа сәйкес туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", — делінген хабарламада.


Жаңалықтар
0