АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Петропавлда 24 жасар құрылысшы салынып жатқан үйдің 14-ші қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
"1992 жылы туылған тас қалаушы салынып жатқан үйдің 14-ші қабатынан құлады", — деп хабарлады ТЖД.
Болған оқиғаның себептерін қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық басқармасы анық қанығын анықтауда.
"Қазіргі уақытта оның тірегіштерді алып тастап жүрген кезде құлап кеткені белгілі болды. Арнайы тексеру жүргізілуде. Нәтижесі 10 күннен кейін белгілі болады", — деп түйді инспекцияда.