Оқиға

Жамбыл облысында 20-ға жуық оқушыны "Синий кит" ойынына тартқан

© Sputnik / страница одной из групп в InstagramСиний кит
Синий кит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар ойынның соңғы кезеңі – өзіне қол жұмсауға жетпеген, бірақ барлығының денелерінен тіліктер анықталған

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Жамбыл облысында жиырмаға жуқ оқушы мен екі студент "Синий кит" ойынының қатысушысы болып шықты, — деп хабарлайды дүйсенбіде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов "Синий кит" өлім ойынынан балаларды қорғау бойынша алдын алу шараларының алдын ала қорытындылары бойынша жиын өткізді. 

"Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша бұл ойынға тартылғандардың саны 19-ға жетті және колледждің екі студенті бар, бірақ бұл есепке әлеуметтік желілердегі осы аттас топтарға жазылған, бірақ аса белсенді емес қолданушылар кірмеген", — делінген хабарламада. 

Бұл балаларға тән ортақ қасиет — қолдарында жарақаттың болуы, олармен қазіргі уақытта психологтар жұмыс істеп жатыр, біреуіне психиатрдың көмегі қажет болды, себебі олар ойынның соңғы кезеңіне келіп жеткен, деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Облыс прокуратурасының балалар арасындағы суицид оқиғаларының алдын алу мақсатында 450 мектептің педагогтарымен семинар-кеңес өткізіліп жатқаны айтылады. Бұл кеңеске облыстық психдиспансер мен наркодиспансер мамандары қатысып жатыр екен.

"Мұнымен қатар, облыстағы барлық мектепте ата-аналар жиналысы өткізілген. Сондай-ақ, балалардың денесіндегі жарақаттардың бар-жоғы тексерілген. Табылған жағдайда психологпен ата-анасымен қатысуымен жұмыс жүргізіледі екен. Балалардың ұялы телефондары да тексеріліп жатыр", — деп ақпараттандырды прокуратурада.

Мұнымен бірге, облыс орталығындағы мектептерде оқушылардың порнографиялық, букмекерлік сайттарға кіретіні анықталыпты. Тіпті сабақ үстінде порнофильм көрген оқушылар анықталған. Сондай-ақ, оқушылардың "Синий кит" ойыны туралы видеоролик көргені белгілі болған


Жаңалықтар
0