АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Ақмола облысында қылмыстық қудалаудан жасырынған Армения азаматы ұсталды, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Целиноград ауданы Өтеміс кентінде полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру үшін ер адамды тоқтатқан.
"ДТС базасы бойынша полиция қызметкерлері АР ҚК 177-бабымен (ұрлық) қарастырылған қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Арменияның 44 жастағы азаматы екенін анықтады", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынған. Целиноград АІІД қызметкерлері ұсталған адамға қатысты материалдарды Ереван полиция басқармасы Шенгавитский бөліміне береді.