АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Қазақстанда 15 бала "өлім топтарына" қатысу нәтижесінде өз-өздерін жарақаттаған деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.
Оның мәліметінше, Қазақстанда өткен жылы суицид жасауға талпыныс дерегі бойынша 44 қылмыстық іс қозғалып, 16 бала қаза болды. Аталған деректер бойынша тергеу жүргізіліп, ешбір жайт бойынша ойынға қатысқандығы дәлелденбеген.
"Бұл мәселе қаңтар-ақпан айларында ғана пайда болды. Қаңтар-ақпан айларында "өлім топтарына" қатысып, өз-өзіне қол салу жайты орын алған жоқ. 63 дерек тіркедік, яғни бұл ата-аналар мен мұғалімдерден келіп түскен шағымдар және басқа да хабарламалар. Осы 63 жайттың ішінде 15 бала өз-өзіне жарақат салған", — деді Қасымов мәжілістегі үкімет сағатынан соң тілшілерге.
"Осы 63 жайттың 15-нде балалар жай қызық үшін тапсырмаларды орындап, кейбіреулер парақшасының деңгейін көтергісі келіпті", — деді министр үкімет сағатында сөйлеген сөзінде.