АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, тек республиканың батысы мен солтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің сайтында.
Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.