Саясат

Қазақстан КХДР-сын ядролық мақсаттардан толық бас тартуға шақырды

© Министерство иностранных дел РКҚазақстан СІМ
Қазақстан СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Солтүстік Кореяны алтыжақтыө форматтағы келіссөздерге қатысуға шақырды

АСТАНА, 12 ақп — Sputnik. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруына байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Саясат
СІМ: Астанада ақпанның ортасында Сирия бойынша кездесу болуы мүмкін

"Қазақстан Республикасы 2017 жылы 12 ақпанда ҚХДР-ның баллистикалық зымыранды ұшыруын қатаң түрде айыптайды. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті шешімдерін өрескел түрде бұзу болып саналады", — делінген мәлімдемеде.

"Қазақстан жаһандық қауіпсіздіктің кепілі әлемнің ядролық қарудан арылуы екендігіне нық сенеді және ҚХДР-сын Қытай, Ресей, АҚШ, Корея республикасы және Япония қатысатын алтыжақты форматтағы келіссөзге қатысып, ядролық мақсаттардан түбегейлі бас тартуға шақырады", — делінген құжатта. 

Жаңалықтар
0