АСТАНА, 12 ақп — Sputnik. Ақтауда тоғызқабатты үйже пәтер өртеніп 65 адам эвакуауияланды деп жазады өңірлік Lada.kz басылымы.
Сенбі күні 11 ақпанда сағат тоғыздан кейін жетінші қабаттағы пәтерден өрт шыққан. Тұтану көзі балконда болған екен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар келіп түскеннен соң алты минутта жетіп, адамдарды қауіпсіз жерге шығара бастайды. Жалпы саны 65 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеті көлік және 25 адам жұмылдырылды.