АСТАНА, 11 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, еліміздің оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, тек батыста ған жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің сайтында.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с,екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облыстарында кей уақытта 30 м/с аса күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз басым бөлігінде, тнүде кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с, екпіні 28 м/ күшейеді.