Саясат

Неліктен Бас прокуратура сервисінің pravstat.kz атауы Мусиннің күлкісін келтірді

Жазылу
Бас прокуратура сервисінің pravstat.kz атауын жағымсыз естілуіне байланысты өзгертеді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басшысы Бағдат Мусин.

АСТАНА, 10 ақп – Sputnik. ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басшысы Бағдат Мусин pravstat.kz сервисінің атауын жағымсыз естілуіне байланысты өзгертуге ниетті. 

амандасу - Sputnik Қазақстан
Экономика
Құлыбаев: бизнестің мақсаты – ұзақмерзімді келісім-шарттар

Екі аптадан астам уақыт бұрын комитетті басқарған Мусин, ведомствоның 2013 жылдан бері pravstat.kz порталында ақпараттық сервистерді дамытып жатқанын атап өтті. Порталдың көмегімен кез келген кәсіпкер өзінің бизнесіне қатысты тексерістің қаншалықты заңды екенін тексере алады. Ол үшін оған келген тексерушінің қолындағы актінің нөмірін енгізу қажет. Содан кейін сайтта кім,  қашан және қанша кісі болып келетіні туралы ақпарат шығады. Егер тексерушінің тегі мен әкесінің аты порталда көрсетілген ақпаратпен сәйкес келмесе кәсіпкер тексеруге рұқсат бермеуге құқылы. Бұл ретте, комитет басшысы сервистің қазіргі атауы pravstat.kz-тің өзіне ұнамайтынын атап өтті.  

"Кеше мен таныстарыма, кәсіпкер достарыма телефон соқтым, ешкім pravstat.kz сервисі туралы білмейді. Неліктен мен аталуына күлуге болады дедім? Мен pravstat.kz атауын айтып жаздырған кезімде, біз күліп жібердік. Біздің белгілі бір уақытта, біздің сервисіміздің атауы  қатты ұқсайтын, бір дертімізді емдеуге бір дәрігерге барғанымыз есімізге түсіп кетті", — деді Мусин Қарағандыда өткен Бас прокуратура алқасының көшпелі отырысына. 

"Біз оны өзгертеміз, ребрендинг жасау үшін қандай атауды таңдайтынымыз туралы бизнеспен кеңесетін боламыз", — деп қосты ол. 


Жаңалықтар
0