АСТАНА, 10 ақп – Sputnik. Қазақстандық сериалдардың актері Нұржан Тойлыбаев кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Актердің ісі Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта алқа билердің қатысуымен қаралды. Актерді Жамбыл облысының тұрғынын өлтіруде кінәлі деп таныды.
Істің материалдары бойынша, 2016 жылғы 10 қыркүйекте Тойлыбаев пен жәбірленуші арасында дәмханада жеке жеккөруден жанжал туындаған. Тойлыбаев көсеумен ұрып, алған жарақаттардан жәбірленуші Ұзынағаштың орталық аудандық ауруханасында көз жұмды. "Сотта зерделенген дәлелдер негізінде алқа билердің үкімімен Тойлыбаев кінәлі деп танылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеумен 11 жалға бас бостандығынан айыруға сотталды", — деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот осы үкімімен сотталушыдан зардап шеккен тараптың пайдасына 2 миллион теңге моральдық зиян өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.