Оқиға

Көшкетауда кальян жасаушы есірткі сатқан

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуКальян шегу
Кальян шегу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетау мейрамханаларының бірінде есірткі сатқан

АСТАНА, 10 ақп – Sputnik. Көкшетаудағы ойын сауық орнының кальян жасаушысы келушілерге есірткі сатқан, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

"Есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері Көкшетау мейрамхана кешенінде кальян жасаушы болып жұмыс істейтін 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті үш грамнан астам гашишті заңсыз сатқан. Ұсталған жігі дәмхана келушілеріне бұрындары да бірнеше рет есірткі сатқан", — делінген полицияның хабарламасында. 

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сатты деген күдікті он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


Жаңалықтар
0