АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Қазақстанда 150-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық құрамы бойынша айыппұл санкцияларының көлемін қысқарту ұсынылады деп хабарлайды әділет министрі Марат Бекетаев.
Министр оқыған баяндамасында еске сала кеткендей, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге ерекше назар аударылған. Сол себепті, министр мәліметінше, мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасымен бірге ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне түзетулер енгізу туралы заң жобасы әзірленді.
Әкімшілік айыппұлдар әділетті әрі жасалған құқықбұзушылыққа сай келуі тиіс. Бұл заң жобасын дайындауға Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексті ізгілендіру мәселесі түрткі болды. Заң жобасы Қазақстанда 150-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық құрамы бойынша айыппұл санкцияларының көлемін қысқартуды қарастырады", — деді Бекетаев ҚР әділет министрлігінің кеңейтілген коллегия отырысында.