Sputnik Абхазия сауалнамасында Сухуми тұрғындары Қазақстан туралы не білетіндіктерін айтып берді.
Абхазия халқының пайымдауынша, Қазақстан – ең дамыған посткеңестік республика. Сухумилықтар Қазақстанның астанасы Алматы емес, Астана қаласы екендігін жақсы біледі.
"Астана – жаңа Қазақстанның символы, жаңа заманауи қала, — деп санайды Алхас Чолокуа. – Жоқ жерден салынды деуге болады, бұл бұрынғы кеңестік республиканың заманауи дамуының үлгісі", — дейді Сухуми тұрғындарының бірі.