Қоғам

Қазақстандықтар 11 ақпанда солғын тартқан Айды тамашалайды

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуАй тұтылуы
Ай тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар 11 ақпан күні таңертең ерте жартылай көлеңкелі ай тұтылуын көре алады

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Жұмадан жексенбіге қараған түні қазақстандықтар жартылай көлеңкелі ай тұтылуын тамашалай алады. Бұл құбылыстың қашан, қалай болатыны туралы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің астрономия доценті Андрей Солодовник  Sputnik Қазақстанға әңгімелеп берді.

Ай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Супер толған ай ма? Астрономдар қарапайым құбылысқа бола жұрттың даурыққанына таң

"Ең тамаша аспан құбылыстарының бірі, сөзсіз, ай тұтылуы. Бірақ оны көру оңай емес. Жалпы бұл құбылыс жиі болмайды, ал жер шарының осы бір нүктесінде тұрып жатқандар үшін ай тұтылуын тамашалау одан да қиын. Сол себепті соңғы рет ай тұтылуын біз 2011 жылы 10 желтоқсанда көргенбіз. Содан бері ұзақ уақыт үзіліс болды. Міне, 2017 жылы Қазақстан тұрғындары бірнеше рет осы бір табиғат ғажайыбын тамашалауға мүмкіндік алады. Біріншісі 11  ақпанда", — дейді Андрей Солодовник.

Астрономның пікірінше, бұл жолы ай тұтылуы жартылай көлеңкелі болмақ, келесі 7 тамызда жекелеген бөліктерін ғана көлеңке шалады. Ал келесі жылы толық ай тұтылуын көре аламыз. 

Жаңалықтар
0