АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Алтын бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматшасы Бішкек әуежайында ұсталды деп жазады Sputnik Қырғызстан ҚР мемлекеттік кеден қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеден қызметкерлері "Манас" әуежайында Стамбулдан келген рейс жолаушысын ұстады.
"Қазақстан азаматшасы іш киіміне кедендік органға мәлімделмеген 328 грамм алтын бұйымдар тығып алған", — делінген хабарламада.
Іс бойынша жинақталған барлық деректер ҚР бас прокуратурасына жөнелтілді.