АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. 18 наурыз күні Нью-Йоркте WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша орташа салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің орташа салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы Дэниел Джейкобспен жекпе жегі өтеді.
Қазіргі уақытта екі спортшы да ауыр жекпе жекке дайындық үстінде.
Головкин Калифорниядағы Big Bear сүйікті жаттығу лагерінде жаттығып жатыр.
"Big Bear Геннадий Головкинге жалғыз қалуға мүмкіндік береді. Оның пікірінше, бұл салмақты жаттығулар үшін байыпты және маңызды атмосфера", — деп атап өтті Головкиннің промоутері Том Леффлер.