Өңірлер

Алматының теміржол вокзалында орналасқан дүңгіршектер сүріледі

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуДүңгіршектер
Дүңгіршектер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көптеген сауда дүңгіршектері вокзал маңындағы аумақта үнемі кептелістер туғызады

АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Ақпанның соңына дейін Алматы-1 және Алматы-2 темір жол станцияларында орналасқан сауда дүңгіршектерін минимаркеттерге ауыстырады, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.  Қаңтардың басында Алматы-1 темір жол вокзалындағы заңсыз жұмыс істеп тұрған 28 дүңгіршек сүрілген болатын. 

"Мәжбүрлі түрде соттың шешімін орындау болып отыр. Алдын ала бұл кісілерге ескерту хаттар берілген болатын. Ескертуді ала тұра ешқандай шара қолданған жоқ. Сол себептен қазір мәжбүрлі түрде соттың шешімін орындап жатырмыз. Мұндағы бұзылып отқан объектілердің бәріне соттың шешімі бар",- деді Сот орындаушы, Рақым Орынбаев. 

Темір жол төңірегінің қалыпқа келгені қала келбеті үшін ғана емес, қарапайым тұрғындардың да тынысын ашқандай. 80 жасқа таяған алматылық Валентина Кузина темір жол маңында асыр салып ойнаған кездерін сағынышпен еске алды. Ол вокзал айналасының тәртіпке келгеніне дән риза.

Бүгінде Алматы-1 және Алматы-2 темір жол станцияларында барлығы 50-ге тарта заңсыз сауда орны алынып тасталды. Бұл шара әлі де жалғасын таппақ. Кезекте, вокзал ішінде орналасқан дүкендерді сүру жоспарда бар. Енді мұнда сауда жасайтын жалғыз минимаркет, дәріхана және тамақтану орны жұмыс жасайтын болады.


Жаңалықтар
0