Өңірлер

Жұмада қазақстандықтарды бұрқасын күтеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің басым өңірлерінде қар жауып, еліміздің оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады

АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, еліміздің оңтүстігінде таулы аудандарында  қатты жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, тек батыста ған жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын  болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с,екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облыстарында кей уақытта 30 м/с аса күшейеді.  Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Қостанай  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.  Түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде  бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының  кей жерлерінде  бұрқасын күтіледі, күндіз басым бөлігінде, тнүде кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.  Қарағанды  облысының  кей жерлерінде бұрқасын, тұман  күтіледі, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с, екпіні 28 м/ күшейеді.


Жаңалықтар
0