https://sputnik.kz/20170209/1545006.html
Италиядан махаббатпен: бес минуттық "Капрезе" пиццасы
Италиядан махаббатпен: бес минуттық "Капрезе" пиццасы
Sputnik Қазақстан
Тоғызыншы ақпан – халықаралық "Пицца" күні. Қытырлақ нан, балқытылған ірімшік пен дәмді черри бір-бірімін тамаша үйлесіп, тағамға қайталанбас дәм сыйлайды... 09.02.2017, Sputnik Қазақстан
2017-02-09T13:09+0500
2017-02-09T13:09+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/154/44/1544448_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e3346d34e9f5e9d6c0dae558150d15ba.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2017
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Из Италии с любовью: Пицца "Капрезе" за пять минут
Sputnik Қазақстан
Нотки хрустящего теста, нежнейшего сыра и изысканных черри мгновенно образуют неповторимую мелодию всеми любимого блюда. 9 февраля – международный день чуда кулинарии под названием "Пицца". Корреспондент Sputnik Казахстан в честь праздника пообедал в столичном кафе "Rafe Coffee&Food", где узнал рецепт сочной пиццы "Капрезе" от профессионала.
2017-02-09T13:09+0500
true
PT1M55S
https://sputnik.kz/img/154/44/1544448_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_96c16a1aba7131c9568a7f9a8d37bf34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, бейнеклуб
Италиядан махаббатпен: бес минуттық "Капрезе" пиццасы
13:09 09.02.2017 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тоғызыншы ақпан – халықаралық "Пицца" күні. Қытырлақ нан, балқытылған ірімшік пен дәмді черри бір-бірімін тамаша үйлесіп, тағамға қайталанбас дәм сыйлайды. Sputnik Қазақстан тілшісі мереке құрметіне "Rafe Coffee&Food" кафесінде түскі ас ішіп, керемет "Капрезе" пиццасының әзірлеу тәсілін біліп қайтты.
Шамамен XVII ғасырда пайда болған пицца дүниежүзіндегі талғампаздардың жүрегін мәңгіге жаулап алған. Күнделікті шуақты Италия дәмі миллиондаған адамның дастарханынан табылады. Пицца әзірлеу шебері Нұржамал Тілеуғабылованың сөзіне сүйенсек, дәмді итальян пиццасын өз үйімізде де бес-ақ минут ішінде пісіруге болады, ең бастысы, шын ықыласпен жасалса болғаны!
Ингредиенттер:
- Қамыр – 250 г
- Моцарелла – 150 г
- Соус – 120 г
- Черри – 8-10 дана
- Базилик жапырағы
Соусқа қажетті тағамдар:
- Тартылған қызанақ (мәселен, Mutti Polpa) – 3 ас қасық
- Зәйтүн майы – 5 г
- Базилик – 5 г
- Тұз – 1 г
- Қант – 2 г
Нұржамалдың айтуынша, қамыр илеу әдісі құпия болып табылады. Дей тұрғанмен, пицца шебері кейбір айла-амалдармен бөлісіп үлгерді: пицца наны майлырақ болуы үшін ашытқы және ұн қоспасына майды көбірек қосу керек, ал жұмсақ болсын десеңіз сүт құйыңыз. 20 грамм тұз бен 15 грам қант қамырды күйіп кетуден сақтайды.
Пицца әзірлеу әдісі
Дайын қамырды диаметрі 30-35 см етіп дөңгелетіп жаямыз. Сосын бетіне соус жағамыз. Қамырға моцарелла тілімдерін, черри қызанағын салып, үстінен базилик жапырақтарын себеміз. Пиццаны пеште 5-10 минут пісірсеңіз жеткілікті! Дәмі тіл үйіретін "Капрезе" дайын. Bon Appetit!