АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Қазақстан қысының соңғы айы ақпанда, сондай-ақ осы айда кей жерлерде қар мен боран, қатты жел болатын күндер саны көбірек болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Алдағы үш тәулікте, еліміздің көптеген облыстарында атмосфералық фронттарға байланысты, кей жерлерге қатты қар жауып, бораннан көріну айтарлықтай нашарлайды, оңтүстік облыстарда күшті жел мен тұман, циклон әсерінен көктайғақ және ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде.
Карск теңізі аудандарынан келетін циклонның ту сыртына арктикалық ауа ағынынан туындаған күрт және едәуір суық келеді. Ауа температурасы климаттық нормадан 5-10ºС төмен болады деп күтілуде.