АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, жекелеген аймақтарда қатты жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында түнде жел 17-22 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20м/с,екпіні 23-28 м/с күшейеді, облыстың оңтустік-батысында кей уақытта 30 м/с аса болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28м/с болады,кей уақытта 30 м/с аса болады..
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с.