Қоғам

Алматыда қырғыз нөмірлі көліктерге "аулау" жарияланды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚырғызстан нөмірі
Қырғызстан нөмірі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кедендік баж салығын төлемеген қырғыз нөмірі бар автокөлік иелері жауапқа тартылатын болады

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Полиция және Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қырғызстанда тіркелген автокөліктерді анықтау үшін рейдтер жүргізетін болады, деп хабарланады қалалық  мемлекеттік кірістер департаментінің сайында. 

Заңнамаға сәйкес, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғызстанға енгізілген автокөліктер үшін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және импорт тауарлары арасындағы кедендік төлемдер мөлшерінің айырмашылығы төленуі тиіс. 

"Қырғыз Республикасында тіркелген автокөліктер санының аруына байланысты Алматы қаласының ішкі істер департаменті, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және Алмат прокуратурасымен біріге отырып, тұрақты негізде Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғызстан Республикасында тіркелген көліктерді жүргізетінін анықтау бойынша рейдтер жүргізу жоспарланып отыр. Бұл шара оларды уақытша қоймаларына қойып, аталған азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту үшін қабылдануда", — делінген хабарламада. 

Аталған көліктерге кедендік декларация берілмеген жағдайда, бұл бөліктерді кеден органдары ұстайтын болады. 


Жаңалықтар
0