АСТАНА, 7 ақп – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен Ақмола облысы жерінің бір бөлігін Астанаға қосты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертуге қаулы етті. Жарлыққа қоса тіркелген қосымшаға сәйкес, қала шегіне Талапкер және Қабанбай батыр кенттері жерінің бір бөлігі кірді.

Приложение к Указу президенту о расширении границ Астаны
© Photo : официальный сайт Акорды
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
