АСТАНА, 7 ақп – Sputnik. Қазақстандық биатлоншылар Роман Еремин және Антон Пантов сейсенбіде Алматыдағы Универсиада аясында 15 шақырымдық төрт отты шекаралар ерлер стартының күміс және қола жүлдегерлері атанды.
Екі қазақстандық биатлоншы да алғашқы отты шекарадан кейін жүлдегер үштігінен алыс келген. Еремин —12-ші, Пантов – сегізінші болды.
Екінші атудан кейін Еремин 10-шы орынға ғана көтерілді. Ал Пантов болса үздік үштікке кірді. Үшінші атуда екі қазақстандық та жақсы дәлдеді. Соңы отты рубежден кейін Еремин француз Баптису Джойтдан 13,5 секундқа, ал Пантов 27,7 секундқа қалып қойды.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепті 11 алтын, 7 күміс және 14 қола медальмен екінші орынды сақтап тұр.