АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда бензин бағасының көтерілу себептері туралы баяндады.
"Себептердің бірі – рублге шаққандағы теңге бағамының өзгеруі, бұл жайт осыдан екі апта бұрын болды. Ол кезде импорттық бензин сатып алынған болатын, сол себепті ресейлік бензиннің бағасы артып кетті", — деді Бозымбаев үкімет отырысынан соң тілшілерге.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта барлық қазақстандық МӨЗ-тар жұмыс істеп тұр.
"Бәрі жақсы. Тиісті мөлшерде өндірілуде, тапшылық болмайды", — дейді Бозымбаев.