АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Астана-Мәскеу-Бішкек бейнекөпірі форматындағы баспасөз мәслихаты әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді өз-өзін өлтіруге итермелейтін топтардың көбеюі мәселесіне арналған. Ол сәрсенбі 8 ақпан күні сағат 14.00-де Sputnik Қазақстан халықаралық баспасөз орталығында өтеді.
Әлеуметтік желілердегі кейбір топтар жасөспірімдер мен балаларды ойынға шақырады. Бұл ойынның шарты бойынша, әрбір қатысушы 50 тапсырма орындап, ақыры соңында өз-өзіне қол жұмсауы тиіс.
Астанадағы қатысушылар:
— ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы бақылау басқармасының басшысы Азамат ҚАБДЕШЕВ;
— ҚР білім және ғылым министрінің балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бәлия ӘКІМБЕКОВА;
— Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстан ата-аналар қауымдастығының президенті Әмина ЖОМАРТҚЫЗЫ;
— ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі.
БАҚ өкілдерін баспасөз мәслихатына қатысуға шақырамыз, Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1. Аккредитация бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: +7701 5277007.