АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Шымкенттің көңілі босаған тұрғыны полицей формасын киген ер кісінің арбадағы қартқа күртік қардан өтуге көмектескен сәтін бейнеге түсіріп алған. Ролик Otyrar.kz редакциясына жіберілген.
Полиция қызметкері ақсақалға арбаны күртік қардан өткізуге көмектесіп қана қоймай, оны жолдан да өткізді.
