Өңірлер

Сейсенбіде қазақстандықтарды бұрқасын мен көктайғақ күтеді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтубұрқасын
бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірдің басым бөлігінде синоптиктер тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді деп болжайды

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігі  және шығысы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды болады, — деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.  

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде  жел 15-22 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі,  түнде жел 15-20 күшейеді.

Солтүстік Қазақстан  облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде  жел 15-20 күшейеді. 


Жаңалықтар
0