Саясат

Ресей делегациясы Астанадағы Сирия жөніндегі кездесудің мән-жайын айтып берді

© Sputnik / Ильяс ОмаровСирия жөніндегі кездесуге қатысушылар
Сирия жөніндегі кездесуге қатысушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясы, Түркия, Иран делегациялары БҰҰ өкілдерімен бірге Астанада кездесу өткізді, оның барысында алдында қол жеткізілген келісімдерді талқылады

АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Ресей делегациясының басшысы Станислав Гаджимагомедов дүйсенбі күні Астанада өткен Сирия бойынша отырыста қандай тақырыптардың талқыланғанын айтып берді. 

Оның сөзіне қарағанда, Ресей, Түркия, Иран делегациялары, сонымен қатар БҰҰ өкілдері 6 ақпанда Астанада 23-24 қаңтарда Қазақстанның елордасына Сирия жөніндегі халықаралық кездесуде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес құрылған бірлескен топтың алғашқы отырысын өткізді. 

"Отырысқа қатысушылар Сириядағы соғыс әрекеттерін тоқтату режимінің орындалу барысын, соғыс әрекеттерін тоқтату режимінің толық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тиімді мониторинг және бақылау тетігін жасау бойынша ерекше шаралар, кез келген арандатушылықтың жолын кесу мен режимнің барлық модальдығын анықтауды талқылады", — деді Гаджимагомедов дүйсенбіде өткен брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, қатысушылар өзара сенімділік пен кедергісіз гуманитарлық қол жетімділік шараларын талқылаған. 

"Делегациялар Сирияда соғыс әрекеттерін тоқтату режимінің толық орындалуы мүддесінде өзара әрекеттесуді жалғастыруға дайын екендерін растады", — деп қосты Гаджимагомедов.


Жаңалықтар
0