Қоғам

Петропавлда полиция қызметкелері жоғалып кеткен оқушы қызды іздестіріп жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбековоқушы қыз
оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз екі күн бұрын үйінен кетіп оралмаған

АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Петропавлда полиция қызметкелері бірнеше күн бойы жоғалып кеткен оқушы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

 Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Петропавл қалалық ІІБ-ге қаладағы мектептердің бірінің әкімшілігі екі күн бұрын 15 жастағы Антонина Филиппованың үйінен шығып, қайтып оралмағанын хабарлаған. 

"Дерек бойынша іздестіру ісі қозғалып, оның аясында барлық қажетті жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Полицейлер қыздың баруы мүмкін деген барлық мекенжайларды тексеруде. Оқушы қыздың анасының сөзіне қарағанда, олар жұртты дүрліктірмеген, себебі ол бұрын да ұзақ уақытқа үйінен кетіп те жүрген", — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

 Қыздың белгілері: дене бітімі орташа, бойы 160-165 см, шашы ақшыл сары, ұзындығы орташа, көзі көгілдір түсті. Капюшоны бар сұр түсті күртке, қоңыр түсті мойын орағыш, жеңі жоқ қара көйлек, қоңыр түсті қысқы етік киген. 

"Бағыттамалар барлық аумақтық бөлімшелерге жіберілді. Сондай-ақ, компьютер клубтары, көңіл көтеру орындары тексерілуде", — деп атап өтті Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары Асан Мейрамов. 

Кез келген ақпаратты полицейлер 102 нөмірі бойынша хабарлауды сұрайды. 


Жаңалықтар
0