АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Астана қаласында Ресей, Түркия және Иранның Сириядағы бітімді қадағалау жөніндегі біріккен жедел тобының отырысы басталды, оған БҰҰ мен Иордания сарапшылары да қатысуда деп хабарлайды РИА Новости агенттігінің дереккөзі.
Бұдан бұрын Астанада өткен келіссөздер барысында кепіл мемлекеттер Ресей, Иран және Түркия Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату режимін бақылауға алу үшін үшжақты тетік құруға келіскен болатын. Тетіктің егжей-тегжейі мен оның іске асырылуы дүйсенбі күні жедел топтың Астанадағы алғашқы кездесуінде талқылануы тиіс.
Ресей қорғаныс министрлігі бұдан бұрын хабарлағандай, мұндай кездесулер Астанада жиі өткізіліп тұрады. Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов жұма күні сөйлеген сөзінде кездесудің техникалық сипатта өтетіндігі туралы мәлімдеді. Әбдірахманов бұл кездесуді Сириялық ахуалды реттеудегі "астаналық үдерістің" жалғасы деп атаған болатын.