Өңірлер

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар сабақтан босатылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар тоқтатылды

АСТАНА, 4 ақп – Sputnik. Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 1-ші сыныптан 5-ші сыныпқа дейінгі оқушылар сабақтан босатылды. 

Бір күн бұрын елордада және Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарланған. Астана қаласында 4, түнде 5 ақпанда бұрқасын күтіледі, жел оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жетеді деп хабарланған. 

Сондай-ақ, 4 ақпанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында бұрқасын, кей жерлерде қатты бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с күшейеді.

Ауа райының нашарлығына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде жолдар жабық. 


Жаңалықтар
0