Өңірлер

Сенбі Қазақстанның оңтүстік және солтүстік өңірлерінде қатты жел тұрады деп күтіледі

© Sputnik / Ю.Ищенко / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа айы болады күтіледі

АСТАНА, 4 ақп – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қар қатты жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстік бөлігінің кей жерлерінде қатты бұрқасын және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми сайтында.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды  облыстарында бұрқасын болады, кей жерлерінде қатты болады,жел 15-20, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20, түнде екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с аса күшейеді.

Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының  кей жерлерінде түнде  жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0