АСТАНА, 3 ақп — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі «Цеснабанк» АҚ-тың «Банк ЦентрКредит» АҚ-пен ықтимал қосылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚР ҰБ-ның баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, "Цеснабанк" АҚ-тың "Банк ЦентрКредит" АҚ-пен ықтимал қосылуына қатысты Ұлттық Банк "Цеснабанк" АҚ, "Цесна" қаржы холдингі" АҚ және Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов арқылы олардың акцияларының үлесін "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың жалпы санынан 41,93% мөлшерінде басымдықпен сатып алушылар ретінде ресми хабарлама алды.
"Ұлттық Банк, тұтастай алғанда, банк секторын шоғырландыру жөніндегі бастамаларды қолдайды, олар банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін болады. Ұлттық Банк банк бизнесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдастыру процестерін тез арада аяқтау жөнінде банктерге қажетті қолдау көрсетуге дайын", — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Заңнаманың талаптарына сәйкес бұл мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының, кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтарын және заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады.
2017 жылдың жазына қарай "ЦентрКредит банкінің" иелері толық өзгереді деп күтіледі.