АСТАНА, 3 ақп — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтағы шарттар және бағалардың бірдей болмауынан Белоруссия 15 миллиард АҚШ долларын жоғалтты, деп мәлім етті жұмада ел президенті Александр Лукашенко, деп хабарлайды РИА Новости.
"Осы уақытта шарттар мен бағалардың бірдей болмауынан Беларусь 15 миллиард АҚШ долларын жоғалтты. Олар бұл цифрды мойындап отыр. Енді міне олар бізге бес миллиард несие берді. Бізден бағалар арқылы 15 миллиард алып, сосын бізге өзіміздің ақшамызды, оның өзінде үштен бір бөлігін ХВҚ-дан жоғары пайызбен берген жақсы, айтатыны жоқ", — деді Лакашенко Минскіде өткен үлкен баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте, мемлекет басшысы Мәскеу мен Минскінің барлық даулы мәселелерді шешіп, келісімге келе алатынына сенім білдірді.
"Ерте ме кеш пе, біз бәрібір келісімге келеміз… Біз – адамбыз, солай болып қала бергіміз келеді", — деп қостық белорус